• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қараша, 2024

Қазақстан азаматтары Ливаннан аман-есен оралды

120 рет
көрсетілді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz. 

Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР-ның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан Қазақстан азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды.

«Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді», делінген СІМ хабарламасында.

Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.