• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм 26 Қараша, 2024

Ел азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады

142 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Сент-Китс және Невис бір-бірін визалық талаптардан босатты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтарында келісімге қол қойылған еді, бірақ оны жақында ғана Қазақстан үкіметі мақұлдады.

Енді екі елдің азаматтары бір-біріне жыл бойы 90 күнге дейін визасыз бара алады.

Сент-Китс және Невис –  Кариб теңізіндегі жағажайлар, екі туристік арал. Сент-Китс өзінің ежелгі қант плантацияларымен және отаршылдық сәулетімен әйгілі, ал Невис шыңымен және оның тыныш атмосферасымен әйгілі. Аралдар ашық ауада және жағажай туризмін ұнататындар үшін өте қолайлы.