• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Желтоқсан, 2024

Павлодар облысында өртенген мейрамханадан 13 газ баллоны шығарылды

80 рет
көрсетілді

Павлодар облысында жол бойындағы мейрамханада өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметкерлері жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 желтоқсанда Павлодар–Астана тас жолының бойындағы мейрамхана ғимаратында өрт шыққан. Жалын 40 шаршы метр аумақты қамтыған.

«Жарылыс қаупінің алдын алу мақсатында өрт шыққан ғимараттан әрқайсысы 50 литрлік 13 газ баллоны шығарылды», – деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, өрт санаулы минуттарда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.