• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Бокс 02 Желтоқсан, 2024

Қазақ боксшысы Азия чемпионатына қатысудан бас тартты

95 рет
көрсетілді

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында бақ сынауы тиіс болған Алуа Балқыбекова жекпе-жектерден бас тартты, деп жазады Egemen.kz.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі 50 келіде бүгін таиландтық спортшыға қарсы шаршы алаңға шығу керек еді. Қазақстан бокс федерациясы Балқыбекованың сырқаттануына байланысты жекпе-жектерден бас тартқанын мәлімдеді. 

«Ішек синдромы бар орта дәрежелі жіті гастроэнтеритке байланысты спортшының жарысқа қатыспауы туралы шешім қабылданды», делінген дәрігер анықтамасында.