• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Бокс 04 Желтоқсан, 2024

Абылайхан Жүсіпов Түрікменстан боксшысын айқын басымдықпен жеңді

102 рет
көрсетілді

Бүгін бокстан Азия чемпионатының бесінші жарыс күнінде 71 келіде Абылайхан Жүсіп шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.

Таиланда өтіп жатқан бәсекеге 2021 жылы Белградтағы әлем чемпионатының қола жүлдесін еншілеген Абылайхан Жүсіп 3 жылдық үзілістен кейін қатысып жатыр.

Ол 1/4 финалда Түрікменстан боксшысы Байрамдүрді Нұрмұхамедовты қапы қалдырды. 3 раундтық жекпе-жекте Абылайханның қарсыласы 1 рет нокдаунға түсті. Нәтижесінде 5:0 есебімен отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Енді Абылайхан Жүсіп 8 желтоқсан күні жартылай финалда Тәжікстан спортшысы Шохбожон Шукуровпен қолғап түйістіреді.