• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Желтоқсан, 2024

Жамбыл облысында жер сілкінді

90 рет
көрсетілді

Бүгін, 18 желтоқсанда Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның ұлттық деректер орталығының ақпаратқа сәйкес, 18 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 18:11-де (GMT 13:23) Тараздан батысқа қарай шамамен 108 шақырым қашықтықта жер сілкінді.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік - 42,82 градус, шығыс бойлық - 70,22 градус.

Магнитудасы - 3,6. Энергетикалық класы - 8,5. Тереңдігі - 8 шақырым.

Құрбандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.