• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:10

Прокуратура қызметкерінің бейнесін пайдаланған дипфейк 240 мыңнан астам қаралым жинады

30 рет
көрсетілді

Бас прокуратура медиа-кеңістікте кеңінен таралып жатқан күмәнді бейнематериалдарға байланысты азаматтарды сақ болуға шақырды. Әсіресе, мемлекеттік орган атынан көмек ұсынатын жалған бейнематериалдардың көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қадағалаушы органның мәліметінше, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда «онлайн I консультация беру және қолдау құқығы» деген атаумен жарияланған бейнеролик 240 мыңнан астам қаралым жинаған. Онда азаматтарға ақшалай қаражатты қайтаруға мемлекеттік орган атынан жәрдем көрсету ұсынылады.

Алайда тексеру барысында аталған бейнематериалдың жасанды интеллект (дипфейк) технологияларын пайдалана отырып жасалғаны анықталған. Оның негізгі мақсаты – азаматтарды адастырып, кейіннен олардың қаражатын жымқыру.

Сонымен қатар, бейнероликте көрсетілген «Инвестицияларды бақылау агенттігі» деген атаумен Қазақстанда ешқандай мемлекеттік орган жоқ екені ресми түрде хабарланды.

Құзырлы органның түсіндіруінше, құқық қорғау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің бейнесін пайдалану – алаяқтардың азаматтардың сеніміне кіру тәсілдерінің бірі. Мұндай айла-тәсілдер адамдарды жалған ақпаратқа иландыруды жеңілдетеді.

Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды

Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі аталған бейнематериалды әзірлеуге және таратуға қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында тексеру жүргізіп жатыр. Кінәлілер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды барынша қырағы болуға үндейді. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және өзге де интернет-ресурстарда таралатын ақпаратқа сыни көзқараспен қарап, күмәнді сілтемелерді ашпау қажет. Сондай-ақ жеке деректерді және ақшалай қаражатты үшінші тұлғаларға бермеу маңызды.

SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады

Айта кетейік, мемлекеттік органдар мессенджерлер, әлеуметтік желілер немесе бөгде онлайн-платформалар арқылы ақша қаражатын қайтару бойынша қызмет көрсетпейді.

Осындай деректер анықталған жағдайда азаматтарға құқық қорғау органдарына дереу жүгіну немесе «102» нөміріне хабарласу ұсынылады.

Алаяқтықтың жаңа тәсілі тарады: Қаскүнемдер дауысын өзгертіп, сенімге кіреді

Соңғы жаңалықтар