• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Желтоқсан, 2024

Қызылордада өрттен 43 адам эвакуацияланды

101 рет
көрсетілді

Оқиға түнде болған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қаланың Батырбаев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар өртенген.  

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 40 адамды, оның ішінде 13 баланы және автосаты арқылы 3 баланы эвакуациялаған.

Ведомство мәліметінше, өрт толығымен сөндірілді, ешкім зардап шекпеген.