• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Желтоқсан, 2024

Қарызынан құтылған команда

26 рет
көрсетілді

«Ertis» бұрынғы ойыншылары алдындағы қарызын өтеуге жақын. Қазір бір ғана шетелдік легионердің борышы жа­былмаған.

Павлодарлық «Ertis» фут­бол командасы ке­лер жылы Бірін­ші лигада ойнайды. Футбол чем­пионатындағы жолын қайтадан «нөлден» бастауға мәжбүр бол­ған ұжым биыл Екінші лигада жеңімпаз атанды. Клуб директоры Сейітбек Сембаевтың айтуынша, команданың топ-менеджменті жыл бойы ескі қарыздарды жабумен шұғыл­данған.

«Ertis»-тің бұрынғы футболшылары мен бапкерлері алдыңда біраз борыш жиналып қалғаны мәлім. Мұндай қа­рыздың саны – 37. Біз облыс басшылығының қолдауымен барлық мәселені реттедік. Со­ның ішінде болга­риялық бапкер Димитар Дими­тровпен де толық есеп айы­рыстық. Ол өзге футболшылар секілді қарыз сомасын же­ңілдетуге келісті. Клубты сақтап қалу маңызды еке­нін барлығы түсінді. Қазір бір ғана футболшының, атап айтқанда түрікмендік легионер Руслан Мингазовтың борышы жабылған жоқ. Футболшы қарыз сомасын шегеруден бас тартты. Оның мәселесі келер жылдың басында шешіледі», дейді С.Сембаев.

Қазір Павлодарда команда құрамына жаңадан ойыншыларды іріктеу жұмысы жүріп жатыр. Клубта ойнап жүргендер, облыс орталығындағы футбол мектептерінің шәкірттері жат­тығу жиындарында өнер көрсетіп, көзге түскендерімен жаңадан шарт­тар жасалуы мүмкін. Жаңа бапкерлік штаб әлеуетті ойын­шыларды таңдайды. Жаңа жыл мерекесінен кейін команда Шым­кент, Таш­кент қалаларында оқу-жаттығу жиындарын өткізуді көздеп отыр. Желтоқсан айының ортасында клубтың бас бапкері Ни­колай Гавриш командасымен қош айтысты. Әзірше пав­лодарлық команданың тіз­гінін ұстайтын маман табыла қойған жоқ. Келер жылы «Ertis»-тің құрылғанына 60 жыл толады.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар