• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қаңтар, 2025

Әзербайжан билігі Қазақстан құтқарушыларын марапаттады

110 рет
көрсетілді

Әзербайжанда Ақтау түбінде құлаған Azerbaijan Airlines ұшағында аман қалғандарды құтқаруға қатысқан Қазақстан құтқарушылары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тиісті бұйрыққа Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Гейдаров қол қойған.

Министрдің бұйрығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің келесі қызметкерлері «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісімен марапатталды:

Сейталин Азамат Серікұлы; Аминов Тимур Владимирович; Айдаров Қани Манапұлы; Қараев Саясат Мұсаұлы; Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы; Құлханов Азымбек Шындәулетұлы; Күзембаев Ербол Ахметұлы; Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы; Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы; Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы.