• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:36

Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

30 рет
көрсетілді

АҚШ-та президентке қастандық жасамақ болды деген күдікпен ұсталған азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, деп жазады Egemen.kz.

Ақ үй тілшілерінің дәстүрлі кешкі қабылдауында атыс ұйымдастырды деп айыпталған 31 жастағы Коул Алленге үш бірдей айып тағылды. Тергеу дерегіне сәйкес, ол АҚШ президентіне қастандық жасауға әрекеттену, зорлық сипаттағы қылмыс кезінде атыс қаруын қолдану және қаруды штаттар арасында заңсыз тасымалдау баптары бойынша күдікке ілінген. Айыпталушы өз кінәсін мойындамады.

АҚШ прокуроры Жанин Пирро бұл оқиғаны «президентке қарсы жасалған қастандық әрекеті» деп бағалап, күдіктінің ниеті айқын болғанын мәлімдеді. Сот шешімімен Аллен қамауда қалдырылды, алдын ала тыңдау 11 мамырға белгіленді. Егер ол қастандық жасау әрекеті бойынша кінәлі деп танылса, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал өзге екі айып бойынша 10 жылға дейін федералдық түрме жазасы қарастырылған.

Оқиға 25 сәуір күні Washington Hilton қонақүйінде өткен баспасөз кеші кезінде болған. Қаруланған күдікті банкет залының кіреберісінде оқ жаудырып, қауіпсіздік шебін бұзып өткен. Оның қолында мылтық, тапанша және пышақтар болған. Атыс салдарынан Құпия қызметтің бір агенті жараланды, алайда оны оқ өткізбейтін кеудеше аман алып қалды. Күдікті полиция тарапынан оқиға орнында ұсталды.

Трамп қатысқан кеште оқ жаудырған күдікті сот алдында жауап береді

Сол сәтте залдағы шамамен 2300 адам үстел астына тығылып, қауіпсіздік қызметі АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнсті шұғыл түрде эвакуациялады. Бір сағаттан кейін Трамп құқық қорғау органдары қатысушыларды ғимараттан шығару жөнінде шешім қабылдағанын айтып, бұл әрекет қауіпсіздік хаттамасына сай жүргізілгенін жеткізді. Сондай-ақ ол іс-шараның 30 күнге шегерілгенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар