• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Теннис 13 Қаңтар, 2025

Теннисші Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде бақ сынайды

46 рет
көрсетілді

Спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтетін WTT Youth Contender  атты ірі турнирге қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жарыс қаңтардың 13-16 күндері аралығында өтеді. Спортшы 19 жасқа дейінгі (U19) жас санатында ел намысын қорғайды.

Жарыста Австрия, Алжир, Англия, Болгария, Бельгия, Германия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Малайзия, Польша, Словакия, Таиланд, Тайбэй, Франция, Шотландия, Швеция және Швейцария елдерінің командалары да бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алан Құрманғалиев Италиядағы Лиянно қаласында өткен WTA Youth Contender турнирінің қола жүлдегері атанған еді.