Әлемнің екінші ракеткасы, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоғары рейтингтің арқасында Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, онда грек теннисшісі Мария Саккаринді (WTA рейтингінде 47-орын) 6:4, 6:1 есебімен жеңді.
Үшінші айналымда Қазақстан теннисшісі филиппиндік Александра Эаламен (WTA рейтингінде 42-орын) кездеседі.
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионын жеңді
Елена Рыбакина 2023 жылы Римдегі турнирдің чемпионы атанған болатын. Биылғы жарыста ол екінші нөмірмен тіркелген. Турнир жеңімпазы 1 055 285 еуро сыйақы алып, рейтингке 1000 ұпай қосады.
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Римде Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик те сәтті бастады. Ол аргентиналық Себастьян Баесті (ATP рейтингінде 65-орын) 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Келесі айналымда Бублик америкалық Лёрнер Тьенмен (ATP рейтингінде 21-орын) ойнайды.