Алматыда Хорватияның шаңғы спорты қауымдастығының бұрынғы басшысы Ведран Павлек ұсталды. Ол өз елінде шамамен 30 миллион еуроны заңсыз шығаруға қатысты күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хорватияның әділет министрі Дамир Хабиянның мәліметінше, қазір Павлекті еліне экстрадициялау жұмыстары басталған. Бұл бағытта Қазақстанның арнайы қызметтерімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Ведран Павлек қаржы жымқыру схемасына қатысқан болуы мүмкін. Қылмыстық іс наурыз айының соңында қозғалған. Осыдан аз уақыт бұрын ол шаңғы қауымдастығындағы қызметінен кеткен.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Павлек алдымен Түркияда болған, кейін Ыстанбұл мен Дубай арқылы Қазақстанға жеткен. Алматыда шамамен 10–15 күн жүргені айтылады.
Қазіргі уақытта ресми органдардан қосымша ақпарат күтілуде.
Айта кетейік, бейнебақылау камераларының көмегімен Петропавлда екі пәтерді бір әдіспен тонаған 55 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Елімізде есірткі бизнесімен айналысқан 76 шетел азаматы қолға түсті.