• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Зерде Бүгін, 18:55

Балқан математикалық олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік алтылыққа енді

20 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасы Балқан математикалық олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте 24 елдің арасында 6-орынға тұрақтады. Отандастарымыз халықаралық додада 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Жарыстың алтын медалін Мұрат Тимур иеленді. Ол – Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы.

Күміс медаль Алиасқар Сұлтанәліге бұйырды. Ол Астананың Білім-инновация лицей-интернатынің 10-сыныбында оқиды.

Халықаралық білім бәйгесінде Қазақстан оқушылары 100% нәтиже көрсетті

Ал қола жүлдені Қазақстанның 4 оқушысы еншіледі. Атап айтқанда, Орынбасар Бердібек – Атырау облыстық Білім-инновация лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Батырхан Бейганов – Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы (Алматы қаласы), Али Еркебұланұлы – Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы (Алматы қаласы) және Арнұр Ансатов – №9 Білім-инновация лицей-интернатының 11-сынып оқушысы (Қызылорда облысы).

Қазақстан оқушыларының бұл жетістігі елдің математикалық білім беру деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды

Соңғы жаңалықтар