• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:48

Полиция ер адамға күш көрсеткен: Желіде тараған даулы видеоға қатысты түсініктеме берілді

30 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері ер адамды күшпен ұстап жатқан сәт түсірілген бейнежазба тарады. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желі қолданушылары кадрдағы азаматқа күш қолданылғанын жазып, резонанс тудырды. Ведомство мәліметінше, 6 мамыр күні Ақтау қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалған азамат мекеменің ішкі тәртібін бұзған. Сондай-ақ ол полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, агрессия танытқан.

«Әлеуметтік желілерде тараған күш қолдану туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері расталған жоқ», деп хабарлады ведомство.

Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Осы факті бойынша азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы – құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау дерегі бойынша хаттама толтырылған.

Желіде тараған видеодағы жігіт әскерге өз еркімен бара жатқанын айтты

Қазіргі таңда материал сотқа жолданған.

 Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар