• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:26

42 млн теңгеден астам қаржыны қалтасына басқан: Балабақша басшылығының былығы әшкере болды

50 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында балабақша басшылығы 42 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз аударған. Аталған факті Үлкен Нарын ауданында жүргізілген тексеру барысында анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратура мәліметінше, балабақша бухгалтері үш жыл бойы өз есепшотына және мекеме меңгерушісінің шотына артық жалақы аударып отырған. Сонымен қатар салықтар мен міндетті аударымдарға арналған қаражат та заңсыз пайдаланылған.

Ақтауда бухгалтер жүкті әйелдер арқылы 146 млн теңгені жымқырған

«Салдарынан тәрбиелеу мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар ұзақ уақыт төленбеген.Тексеру нәтижесінде меңгеруші мен бухгалтердің есепшоттарына заңсыз түрде 42 миллион теңгеден астам қаржы аударылғаны анықталды», делінген Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарламасында. 

230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды

Аталған факі бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Нұрболат АМАНБЕК

 

Соңғы жаңалықтар