Алматыда аңсыз айналымнан пневматикалық қарудың партиясы анықталып, суық қаруға жататын заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция мәліметінше, қызметкерлер күн сайын мекенжайлық тексерулер өткізіп, жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Жүргізілген мақсатты жұмыстар басталғалы бері аудандық полиция бөлімшелері заңсыз айналымнан 619 бірлік тыйым салынған затты тәркілеген. Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
«Қару-жарақтың заңсыз айналымы, соның ішінде оны әлеуметтік желілер арқылы сату қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Әрбір мұндай құқықбұзушылық – неғұрлым ауыр қылмыстардың жасалу қаупін арттырады. Полиция интернет кеңістігін тұрақты түрде бақылап, жедел әрекет етеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады және күшейтіледі», деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Полиция интернет кеңістігіне тұрақты мониторинг жүргізу арқылы бұдан өзге де заңсыз сауда арналары анықталып жатқандығын жеткізді.
Нұрболат АМАНБЕК