• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 15:19

Қазақстанда газ тағы қымбаттауы мүмкін: Жұманғарин себебін түсіндірді

50 рет
көрсетілді

Үкімет газ өндірісін арттыру және салаға инвестор тарту мақсатында көтерме бағаны тағы да өсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін өткен брифингте министр еліміздегі расталған газ қорының жағдайы мәз емес екенін ашық айтты. Оның сөзінше, қазіргі төмен баға жекеменшік компаниялар үшін тиімсіз, сондықтан олар газ өндіруге қызығушылық танытпай отыр.

«Біз әлі де газдың көтерме бағасын көтеруді жоспарлап отырмыз. Баға – инвесторлар үшін ынталандыратын әрі тартымды фактор. Сондықтан осы салаға инвестор тарту үшін биыл тағы бір рет газдың көтерме бағасын көтеруге мәжбүр боламыз», деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьер егер ішкі өндіріс бағаны көтеру арқылы ынталандырылмаса, Қазақстанның сырттан келетін газ импортына тәуелділігі артатынын ескертті. Ал сыртқы жеткізушілер баға белгілеу кезінде еліміздің ішкі әлеуметтік жағдайын ескермейді.

Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы

Министрдің пайымдауынша, халық үшін газ бағасын болашақта салыстырмалы түрде қолжетімді деңгейде сақтаудың жалғыз жолы – өз өндірісімізді арттыру. Ал бұл тек көтерме тарифтерді өсіру арқылы инвесторларды қызықтырумен ғана жүзеге аспақ.

Соңғы жаңалықтар