• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Қаңтар, 2025

Туниске Олимпиада медалін алып берген қазақ бапкері елге оралды

70 рет
көрсетілді

Таэквондодан ел құрамасын енді Есбол Сұлтанов баптайды, деп жазады Egemen.kz.

Ол 2023 жылдан бері Тунис құрамасын жаттықтырған. Есбол Сұлтановтың шәкірттері Париж олимпиадасында 1 алтын, 1 қола медаль иеленген. 

2024 жылдың соңында Туниспен жасасқан келісімшартының мерзімі біткен соң, бапкер Қазақстан құрамасын даярлауға келісім берген. 

Өткен жылы ол Дүниежүзілік таеквондо федерациясы (Workd Taekwondo) тарапынан «Ең үздік бапкер» деп танылған еді.