• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қаңтар, 2025

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тапсырылды

84 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин белгілі мәдениет және өнер қайрат­керлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыс етті.

Мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнер саласындағы  75 адамға берілді.

Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы.  Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі үлесіне көрсетілген құрмет.

Мемлекеттік стипендия Асанәлі Әшімов, Ілия Жақанов, Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжан, Меруерт Өтекешова, Дулат Исабеков, Төлен Әбдік, Юрий Аравин, Сержан Шәкірат, Амандос Ақанаев, Татьяна Тарская, Гүлвер Разиева секілді әдебиет пен өнер майталмандарына табысталды.

Сонымен қатар Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмова­ға, балерина Татьяна Тенге, опера солисі Мақсат Саматовқа және өзге де жас да­рын­дарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Стипендия иегерлері мемлекеттің қаржылай қолдауы арқасында шығар­машылықпен алаңсыз айналысуға мүм­кіндік алады.  Бұл стипендия еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар