Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерді бақылау кезінде табиғи аумақтағы тастарға жазу жазылғаны анықталған. Жас жігіт жартас бетіне өзінің есімі мен көлігінің мемлекеттік нөмірін қалдырған.
Осы дерек бойынша вандализм фактісі тіркеліп, іс қозғалды. Сот шешімімен оған 25 тәулікке қамау жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр.
Оқиға Ыбыкты Сай аумағында болғаны анықталды. Кейіннен күдікті анықталып, іс материалдары сотқа жолданған. Сондай-ақ ол жазған жазуларды өшіріп, аумақты бастапқы қалпына келтірген.
ІІМ табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерге жазу жазу заңға қайшы екенін ескертіп, мұндай әрекеттер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін мәлімдеді.
Еске салайық, осыдан екі жыл бұрын дәл осы Ыбықты-Сайға қызының атын ойып жазған шенеунік қызметінен кеткен болатын.