• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қаңтар, 2025

Елімізде IT-қызметтер экспорты $470 млн-нан асты

60 рет
көрсетілді

Қазақстан 2024 жылдың 9 айында $471 млн-ға IT-қызметтерді экспорттады. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Дегенмен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша одан да жоғары сандар күтіледі. Ведомствоның болжамы бойынша, IT-қызметтер экспортының сомасы шамамен $700 млн-ды құрауы мүмкін.

«Қазақстанның IT-экспортын ілгерілету кезінде Astana Hub басты рөл атқарады. Ондағы резиденттер саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық компания. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түсетін табыс – 227 млрд теңге, яғни $479 млн», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Astana Hub резиденттерінің экспорттық географиясы 90-нан астам елді қамтиды. Astana Hub резиденттерінен басқа «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның GovTech өнімдері алғаш рет экспортқа шықты. Мұндай шешімдердің қатарына Smart Data Ukimet, Smart Bridge жəне ИРБП веб-сайт құрастырушысы кіреді.