Желіде ажырасқан жұптар неке куәлігін жыртуды трендке айналдырды. «Азаматтарға арналған үкімет» бұл әрекеттің дұрыс еместігін ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Неке куәлігі – ресми құжат. Ол некені мемлекеттік органдарда тіркегенін дәлелдейді, сонымен бірге отбасылық мәртебені және жұбайлардың құқықтарын растайды.
Өткен жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелген: Астана көш бастап тұр
Құжатты бүлдіру – заңсыз әрі шығынға әкеледі:
Құжатқа шағын зақым келгенде де ол жарамсыз болып қалуы мүмкін; Ламинация жасау да құжатты бүлдіру деп есептеледі; Құжат бұзылған жағдайда дубликат алу үшін ХҚКО немесе eGov қызметіне жүгіну қажет; Екінші нұсқаны алу үшін өтініш, жеке куәлік және тіркеу төлемінің түбіртегі болуы тиіс.«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс
Ажырасу кезінде рәсімдік тәртіп сақталуы тиіс. Қағидалар бойынша, куәлік тек сотта немесе АХАЖ-да (Азаматтық хал актілерін жазу) ажырасуды тіркегенде ғана алынады.
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?