• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 14:02

Астанада шілдеден бастап коммуналдық қызмет қымбаттайды

30 рет
көрсетілді

«Астана-АЭК» (Аймақтық электржелілік компаниясы) коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада электр қуатына арналған тарифтердің 2026-2030 жылдарға арналған жаңа бағасы бекітілді. Реттеуші органның шешіміне сәйкес, тариф жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп отырады:

2026 жылы – 1 кВт/сағ үшін 8,86 теңге (2025 жылы – 7,53 теңге);

2027 жылы – 9,31 теңге;

2028 жылы – 9,71 теңге;

2029 жылы – 10,12 теңге;

2030 жылы – 10,56 теңге.

Осылайша, тарифтерді жыл сайын жоспарлы түрде көтеру қарастырылған.«Астана-АЭК» хабарлағандай, алғашқы баға өсімі 2026 жылдың маусым айында болуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта «Астана-АЭК» АҚ энергиямен жабдықтау қызметтерінің тарифін көтеруге өтінім дайындап жатыр. Тариф деңгейі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларға жеткізіледі, сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады», деп хабарлады компания өкілдері.

Тариф саясаты: ел мүддесі ескерусіз қалмайды

Компания тарифтердің өсуін электр желілеріне жүргізілетін жаңғырту жұмыстары мен жүйеге түсетін күштің артуымен түсіндірді.

Айта кетейік, тариф бойынша түпкілікті шешім әлі де талқыланып, қоғамдық тыңдаулар өткеннен кейін қабылданады. Әзірге тұтынушылар үшін баға өзгеріссіз қалады.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар