• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қаңтар, 2025

«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты

82 рет
көрсетілді

«Қазақмыс» компаниялар тобы Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында жазатайым оқиға болды, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақмыстың» хабарлауынша, қызмет барысында 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы маман қаза тапқан. 

Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылған. 

Компания марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жерлеу шығындары мен ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.