Спорт • Бүгін, 02:03

Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті

1 мин
оқу үшін

Футбол мерекесі Канадаға да жетті. Торонтодағы «Би-Эм-О Филд» аренасында әлем чемпионатының В тобындағы алғашқы ойынды Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы бастап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті

Қос команда арасындағы ойын өте тартысты болды. Кездесудің 21-ші минутында Босния және Герцеговина сапынан Лукич Йово есеп ашты.

Канада құрамасы допқа иелік ету, шабуылдау жағынан алда болғанымен қарсылас қақпасынан саңылау таба алмай біраз әлек болды. Тек матчтың 79-шы минутында ойынға тыңнан қосылған Кайл Ларин есепті теңестіріп, жергілікті жанкүйерді қуанышқа бір бөлеп тастады. Кездесу соңына дейін қарсыластар таблоға еш өзгеріс енгізе алмады. Қорытынды есеп 1:1. Қос команда бір-бір ұпайдан еншіледі.

Естеріңізге салайық, бүгін Д тобында АҚШ пен Парагвай, Австралия мен Түркия құрамалары алғашқы кездесулерін өткізеді. Ойын Астана уақыты бойынша таңғы сағат 6:00-де және 9:00-де басталады.

Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты

Соңғы жаңалықтар

Жас экологтер жетістігі

Университет • Бүгін, 09:45