• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2025

«Жібек жолы» өткізу бекеті уақытша жабылады

135 рет
көрсетілді

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Қапланбек - Науаи» бақылау-өткізу бекеті жөндеу жұмыстарынан кейін бүгін қайта ашылды, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Енді қос ел арасындағы «Жібек жолы» өткізу бекеті 1 ақпаннан бастап 2 айға жабылады. Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі осыған орай «Қапланбек» өткізу пункті жаяу жүргіншілер, жеңіл автокөлік және автобустарды өткізу үшін ашылатынын мәлімдеді. 

Консулдық осы өзгеріске байланысты азаматтарға сапарын алдын ала жоспарлауды ескертеді.