Оқиға қаладағы №26 мектепте болған. Мұғалімнің мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Математика пәнінің мұғалімі оқушыны тақтаға шақырып, тапсырманы орындап жатқан кезде оның арқасына ине шаншып алған.
Аталған оқиғаға байланысты мектепке полиция шақырылған. Алайда мектеп директоры мұғалімнің қызметінен босатылғанын хабарлаған.
Әзірге иненің қандай болғаны белгісіз. Мұғалім инені лақтырып жіберген, ал полиция департаменті бұл ине емес, бұранда болды деп мәлімдеген.