• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Футбол 28 Қаңтар, 2025

Әлемдік футбол жұлдызы Сол Кэмпбелл Қазақстанға келеді

102 рет
көрсетілді

Ағылшын футболының аңызы Сол Кэмпбелл Digital Almaty 2025 форумына қатысу үшін Қазақстанға келеді. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сол Кэмпбелл форумда спорт саласында таланттарды ерте анықтау үшін үлкен деректер аналитикасы мен AI технологияларын пайдаланудағы бірегей тәжірибесімен бөліседі. 

Арсенал мен Англия футбол командасының экс-капитаны форумның негізгі панелінде спикер болып, StartUp Battle жобасында қазылық етеді.