• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 03 Ақпан, 2025

Конькимен жүгіруші Алина Дауранова әлем кубогін жеңіп алды

70 рет
көрсетілді

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дауранова 1000 метр қашықтықта бірінші болып мәре сызығын кесіп, алтын жүлдеге ие болды. Бұл қашықтықта күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигль, ал қола медальді норвегиялық Инна Накен иеленді.

Сондай-ақ еліміздің атынан шыққан Арина Ильященко қола медальға бір қадам жетпей, төртінші орын алса, Алёна Лифатова бесінші нәтиже көрсетті.