• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Кино 03 Ақпан, 2025

«Қыз Жібек» фильміндегі «Гәкку» әнін кім орындаған

171 рет
көрсетілді

Биыл «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шыққанына 55 жыл толды. Жарты ғасырдан аса уақыт көрермен көңілінің төрінен орын алған «Гәкку» әнін Мунира Ижанова орындаған, деп жазады Egemen.kz.

Мунира Ижанова жолықпас бұрын фильм режиссері Сұлтанахмет Қожықов пен композиторы Нұрғиса Тілендиев «Қыз Жібектің» партиясын 80-ге жуық әншіге орындатқан. Кейін олар Мунира Матабайқызын іздеп келіп, дауысын тыңдап киностудияға шақыртқан. 

«Барсам, Бибігүл Ахметқызы Нұраға екеуі «Гәккуді» айтып жатыр екен. Ол кісі айтып болып, кеткеннен кейін, Нұраға маған: «Айналайын қарындасым, мына «Гәккуді» айта аласың ба?»,  деп сұрады. Айтып бердім. «Мен бір айдан кейін сізге звондаймын. Телефонды аласыз ғой», деді. Бір айдан кейін хабарласты. Киностудияға шақырды», дейді ол.

Мунира Ижанованың айтуынша, фильмді дыбыстаудың басым жұмыстары халық ұйқыға кетіп, тыныштық орнағанда жазылған. Бүгінде жезтаңдай әнші 83 жасқа таяды. Ол зейнет жасына дейін Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық академияда ұстаздық қызмет атқарған.