• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Ақпан, 2025

Заңсыз такси қызметін атқарған шетел азаматтары анықталды

73 рет
көрсетілді

Алматы қалалық прокуратурасының хабарлауынша, еліміздегі 400-ден астам таксопаркте 4 237 шетел азаматы рұқсатсыз такси болып қызмет көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.

Осыған байланысты көші-қон комитеті Қазақстанда заңсыз пайда тауып, жұмыс ұсынғандарға қатысты тиісті шараларды қабылдайды. 

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабымен 346 шетелдік-таксист, 519-бабымен 48 адам  шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

112 адам қабылдау-тарату орнына қамалса, республика аумағынан 159 шетел азаматы шығарылған.