• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Фармацевтика 04 Ақпан, 2025

Дәрі-дәрмекті есепке алу жүйесі жаңарады

83 рет
көрсетілді

Былтыр дәрілік препараттарға баға белгілеу жүйесін жетілдіру мәселесі бірнеше рет талқыланды. Дәрі-дәр­мектердің объективті құнын қалыптастыруда баламалы ақпаратты пайдалануға негізделген ашық, тиімді тетіктерді құрудың маңызы жөнінде айтылды. Айтса айтқандай, биыл елде дәрілік заттарға баға белгілеудің тетіктері жаңаратын болды.

Дәрілік препараттардың бағасын қалыптастыру үде­рісі толығымен цифр­лан­дырылған. Өтініш берушіге баға белгі­леумен айналысатын сарапшылармен тікелей бай­ла­нысудың қажеті жоқ. Қазірде бизнес үдерістерді қайта құруға ерекше назар аударылып отыр. Себебі алдыңғы жүйе 5 жылға дейін созылуы мүмкін үдерістің көлемі мен ұзақтығы үшін сынға ұшы­ра­ған еді. Денсаулық сақтау министрлігі жұмысты үйлес­тіру барысында цифрлық тех­но­логияларды, «бір терезе» қа­ғи­­датын пайдалана оты­рып, фар­мацевтикалық на­рық­­қа қатысуға өтініш беру­ші­лер­ге барынша жағдай жа­сау­ға ұм­ты­лып отыр. Мұның жай-жап­сарын Денсаулық сақ­тау вице-министрі Ержан Нұр­лы­баев баспасөз мәсли­хатында айтып берді.

«Бір терезе» қағидаты бо­йынша қайта құру (реин­жиниринг) жүргізілді. Нәти­жесінде, өтініш беруші түп­кілікті тіркеу куәлігін алады. Дәрілік препараттың шекті құнын анықтаудан, өтініш берушінің өтінішіне сәйкес берілген өтінімді ескере оты­рып, барлық қолда бар тізім­дерге, яғни ұлттық фор­му­ляр, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізі­мі, СҚ-Фармацияның бірың­ғай дистрибьюторы но­­мен­кла­турасының тіз­бе­сі енгізуден бірден өтеді. Осы­лайша, баға белгілеу тетігі биыл іске асады, оны қыр­күйекте таныстырамыз», дейді Е.Нұрлыбаев.

Дәрі-дәрмек бағасын қа­лып­тастыру үдерісінің үлгі­сін жаңғырту қазірдің өзінде кезең-кезеңімен іске асып жатыр. Нәтижесінде, барлық рәсім­ді оңтайландыру мен авто­маттандыруды қоса ал­ғанда, дәрілік заттарды тіркеу үде­рістерін қайта құру – пре­па­раттардың нарыққа шығу уақытын 5 жылдан 2 жылға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

«СҚ-Фармация» өтінім беру­ші компанияның алдын ала қорытындысына сәй­кес 1727 дәрілік препарат атауын сатып алу қажет болса, оның 1581-і бойынша жет­кізу шарттары жасалған. Сәй­ке­сінше, 4 қаңтардан тауар­лар беріле бастаған. Бірың­ғай дистрибьютор дәрі-дәр­мек­пен қамтамасыз ету­ді мүм­кіндігінше ерте бас­­тауы қажет барлық іс-шараларды қа­был­даған. Басқа пре­парат­тар­ға қатысты сатып алу үде­ріс­тері жалғасып жатыр. Бөлін­ген қаражаттан 57 млрд теңге үнемделген, алда бұл сома ұлғаяды. Үнемделген қара­жат халықты дәрілік пре­па­рат­тардың қажетті көлемімен қам­тамасыз етуге жұмсалады.

«Мемлекет басшысы­ның тапсырмасымен дәрі­лік пре­­параттардың азайтыл­майтын қорын анықтауға қар­жы бөлінді. Қажетті дәрі-дәрмек сатып алынады. Жыл соңында, өтпелі кезеңде, осы қор есебінен ел азаматтарын дәрілік препараттар­­мен үздіксіз қамтамасыз ететін бо­ла­мыз», деді Е.Нұрлыбаев.

Дәрілік препараттарға өті­німдерді қалыптастыру үде­­рістерін оларды дер­бе­с­тен­ді­ріл­ген есепке алу қажеттігіне қарай цифр­лан­дыруға ерекше назар ауда­рыл­ған. Яғни өті­німді учаскелік терапевтер жасай бастайды. Осылайша, тағайындалған емге сәй­кес жеке­­леген пациентке жыл­дық өтінім қалыптасады. Одан әрі каскадтық әдіспен қа­лып­тастыру емханалар, қала, облыс бөлінісінде дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде жүргізіледі. Пре­паратты пациентке беру кезін­де сәйкестендіру әдістері, оның ішінде биометриялық техно­логиялардың көмегі пайдаланылады. Азаматтардың мүм­кіндіктері мен жас ерекшелі­гін ескере отырып, бірнеше әдіс-тәсіл қолданылады. Бұл бірінші кезекте емханадан дәрі-дәрмек алып жүрген созылмалы сырқаты бар па­циенттердің уақытын үнем­дейді. Олар енді сарылып ­кезек күтпейді.