Оқиға 04 Ақпан, 2025

Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан үш адам қаза тапты

80 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы Алматы-Бішкек тас жолының 102-ші шақырымында екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Алдын ала мәлімет бойынша Chevrolet Cobalt жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Hyundai Elantra жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ Chevrolet Cobalt көлігінің жолаушысы түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.

Алматы облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты бұзбауға және жолда абай болуға шақырады.