• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Ақпан, 2025

Жәнібек Әлімханұлының келе жекпе-жегі қашан өтеді

242 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы  француз Анауэль Нгамиссен болмақ. Жекпе-жек 5 сәуірде Астанадағы «Барыс Арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпаратты Әлімханұлының мүддесін қорғайтын америкалық Top Rank промоутерлік компаниясы растады.

31 жастағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы титулды қорғайды. Ол 2017 жылдан бері алғаш рет өз елінде шаршы алаңға шығады.

29 жастағы Нгамиссен мансабында алғаш рет 12 раундтық ереже бойынша жұдырықтасады. Ол ESPN-нің орта салмақ рейтингінде үздік ондыққа кіргенімен, жоғары деңгейдегі қарсыластармен әлі кездеспеген. Нгамиссенге соңғы жекпе-жегінде 2024 жылдың маусым айында Сандро Джаджанидзені (12-32-2) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Жекпе-жекті ұйымдастырумен қазақстандық Nomad Promotions компаниясы айналысуда. Ал кездесуді ESPN+ платформасы арқылы көруге болады.