• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Ақпан, 2025

Ақ үй Байденді Қазақстанға қатысты әрекеті үшін айыптады

185 рет
көрсетілді

Ақ үйге қайта оралған Д. Трамптың баспасөз хатшысы 5 ақпан күні БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Брифинг барысында Каролин Левитт экс-Президент Байденнің әкімшілігін қажетсіз шығындарға жол берді деп айыптайтынын ашық айтты. Ол демократтардың бұл әрекетін ақымақтыққа балады.

Каролин Левит мәлімдемесінде Қазақстанға да қатысты дерек келтірді.

«Жынысты өзгерту ісін қолдап Гватемалаға 2 миллион доллар, Ирактағы Сезам көшесі шоуы мен Қазақстанда жалған ақпаратпен күресу үшін миллиондаған доллар бөлген. Нақтыласақ, Қазақстанға осы бағыт үшін 4,5 миллион доллар бөлінген», деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы.