• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Ақпан, 2025

Жеңілдетілген несие жауапкершілігі жоғары дихандарға беріледі

91 рет
көрсетілді

Үкіметте көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы қаралып, Олжас Бектенов тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары дихандарды қолдауға ғана жеңілдетілген несие беруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикалық өсуді қамтамасыз етуде аграрлық сектор ерекше орын алатынын атап көрсетті. Экспортқа шығатын және нарықта сұраныс жоғары, көбірек табыс әкелетін дақылдардың алқаптарын кеңейтуге басымдық беру қажет», деді Олжас Бектенов. Сонымен қатар биыл егіншілік саласын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылған. Лизингке жұмсалатын қаражат 200 млрд теңгеге жеткізілді. Жеңілдікпен 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінген. «Мемлекет егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Жұмыстарды нәтижелі әрі ұйымдасқан түрде жүзеге асыруымыз қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиені тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары диқандарды қолдауға ғана беруі керек. Егіншілерді сапалы және тексеруден өткен тұқым қорымен қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін бірінші кезекте, отандық өндірушілерді ынталандыру қажет», деп атап өтті Премьер-министр.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған мәселені сапалы үйлестіруді қамтамасыз ету тапсырылды.