• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Таным 12 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Айда өмір сүремін десеңіз...

50 рет
көрсетілді

Айға қоныстану мәселесін шешу үшін NASA және ESA ғалымда­ры жасанды магнит өрісін құру ­жобасын ұсынды.

Себебі Айда атмосфера болмаған­дықтан, күн радиациясы адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Ғалымдар Айдың айналасына магнит өрісін жасанды түрде орнату арқылы оны күн желдері мен ғарыштық сәулелерден қорғауға болатынын алға тартып отыр. Бұл жоба Марстағы болашақ ғарыш миссиялары үшін де маңызды. Өйткені Қызыл ғаламшар да осындай радиациялық қауіпке ұшырайды. Ғалымдар Айдағы алғашқы сынақты 2030 жылға қарай бастауға ниеттеніп отыр.

 

Дайындаған –

Ерлан КИІКБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті