Бұған дейін өсімдіктер тек жарық пен суды қажет ететіні қарастырылып келсе, жаңа зерттеулер олардың бір-бірімен ақпарат алмасатынын көрсетті.
Ғалымдар өсімдіктердің тамыр жүйесі арқылы химиялық сигналдар жіберіп, айналасындағы өсімдіктерге қауіп туралы «ескерту» жасай алатынын анықтады. Бұл жаңалық ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдануды оңтайландыруға және табиғи өсімдік қорғау әдістерін дамытуға көмектесуі мүмкін.
Дайындаған –
Ерлан КИІКБАЙ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті