• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Ақпан, 2025

Грекия парламенті жаңа президентін сайлады

170 рет
көрсетілді

Грекия парламенті бұрынғы спикер, «Жаңа демократия» партиясының мүшесі Константин Тассуласты ел президенті етіп сайлады. Оны дауыс беруге қатысқан 276 депутаттың 160-сы қолдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент болып сайлану үшін Тассулас кемі 151 дауыс жинауы керек еді. Ол енді Грекияның алғашқы әйел-президенті Катерина Сакелларопулдың орнына келеді. Мемлекет басшысы қызметіне наурыздың 13-нен бастап кіріседі. Константин Тассулас 66 жаста.

Бұған дейін Мәдениет министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.