• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Экология 14 Ақпан, 2025

Оймауытта браконьер қолға түсті

113 рет
көрсетілді

Байғанин ауданының  учаскелік инспекторы Оймауыт елді мекенінің жанында браконьерді ұстады. Ол ауыл тұрғынының  «Тайота Хайлюкс» автокөлігін тоқтатып,  тексеруі кезінде жүксалғышынан  10 киік еті мен 12 калибрлі аңшы мылтығын тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі кезде  атуға тыйым салынғанына қарамастан, қыстап қалған киіктерді  аулаған Байғанин ауданының тұрғынына қатысты  тергеу жұмыстары басталды. Оның он бас киікті қалай атып алғаны, жанында серіктестерінің бар-жоғы анықталып жатыр.

Айта кету керек, елсіздегі заңсыз киік аулаушыларды ұстау «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жүзеге асырылды. Браконьердің 12 калибрлі аңшы мылтығы  тәркіленді.