• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Ғылым 26 Ақпан, 2025

Өнім алудың заманауи әдісі

80 рет
көрсетілді

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі Айгерім Қамбарова тамақ қалдықтарын қайта өңдеуде қара шыбын дернәсілдерін (Hermetia illucens) қолданып, өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.

І.Жансүгіров атындағы Же­тісу университетінің жас ғалымы экологияны жақсар­туға бағытталған озық техно­логиялық үрдіс барысында әмбебап жемдік ақуыз қоспа, қалдықтарынан зоогумус түрін­де өнім алудың заманауи әдісін зерттеді.

«Қара сарбаз» шыбыны дернәсілін көбейтіп, техно­ло­гия­лық желісін дамыту арқылы еліміздегі азық қоспалары өндірісін дамыта аламыз. Бүгінде азық қоспаларына сұраныс артып келеді. Оның себебі, біріншіден, мал шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың көбеюі болса, екіншіден, салаға мемлекет тарапынан қолдаудың жылдан-жылға артып келе жат­қаны. Құрамажем өнер­кәсібін қайта жандандыру – мал шаруашылығы өнімдерінің көбеюі мен ауыл-аймақтар­дың дамуына ықпал етеді. Ал құра­ма­жем – мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тізбегіндегі негізгі азық болғандықтан, сапалы жем-шөппен қамтамасыз етілген малдың өнімі де жоғары болады», дейді ол.

Қара шыбын (Hermetia illucens) дернәсілдерінен алынатын ақуыз-липидті концентрат – өте құнарлы шикізат. Бұл органикалық қалдықтар­да өсірілген дернәсілдерді өңдеу нәтижесінде алынады. Өңдеу барысында бөлініп шығатын ақуыз және липид фракциялардың өзіне тән қасиеті бар. Ондағы ақуызды концентраттың құра­мында құрғақ салмақта 40–60 пайызға дейін таза ақуыз алынады. Ақуыздары лизин, метионин және треонин сияқты маңызды аминқышқылдарына бай. Дернәсіл ақуыздары жануарлар үшін құнарлы азық, сіңімді әрі өте пайдалы.

«Концентрат тағамдық және азықтық қоспа ретінде аква­мәдениетте, құс шаруа­шы­лығында дәстүрлі ақуыз көздеріне балама ретінде кеңі­нен қолданылып, теңіз бен соя өнімдеріне тәуелділікті азай­тады. Липидтік бөлігі жан­уар­лардың иммунитетін, терісі мен жүнінің сапасын жақсар­ту­ға пайдалы. Бұл – эколо­гиялық таза өндіріс. Көмір­қышқыл газы мен метан­ның шығуын азайтып, оларды құнды шикізатқа айналдыруға ықпал етеді. Қандай да бір иісі, дәмі болғанымен, жануарлар денсаулығына кері әсері жоқ», дейді ғалым.

Қара шыбын дернәсілдерінен алынған ақуыз бен липидті концентраттар тұтынушылық сипатымен қатар өндірістің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, азық-түлік, мал азығы өнеркәсібін маңызды ресурсқа айналдыруға әсері мол.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар