• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Ақпан, 2025

Ынтымақтастықтың тың мүмкіндіктері

103 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Бадр бен Хамад Әл-Бусаидимен келіссөздер өткізді.

Бұл – Оман сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға алғашқы ресми келуі. Аталған сапар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға серпін беруге бағытталған.

Кездесу барысында министрлер саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Ерекше назар энергетика, көлік, логистика, қаржы және ауыл шаруашылығы сияқты негізгі салалардағы өзара іс-қимыл перс­пективаларына аударылды.

Тараптар Қазақстан мен Оманның өңірлік логистикалық хаб ретіндегі стратегиялық әлеуе­тін ескере отырып, транзиттік дәліздерді дамыту маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда алғаш­қы отырысы осы жылдың екін­ші жартысында жоспарлан­ған Қазақстан – Оман үкіметаралық комиссияның маңызды үйлестіруші рөлі аталды.

«Оман – Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серік­тесі. Елдеріміз екіжақты ынтымақ­тас­тық­ты кеңейту үшін елеулі мүм­кіндіктерге ие», деді М.Нұртілеу.

Өз кезегінде Б.Әл-Бусаиди Астананың Орталық Азиядағы Оманның жетекші экономикалық серіктесі ретіндегі рөлін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге берік бейілділігін растады және елдер арасында тікелей әуе қатынасын орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Осы тұрғыда Оманның сауда-экономикалық өзара іс-қимыл әлеуетін іске асыру үшін Қазақстан мен көрші елдер үшін Тікелей инвестициялар қорын құру жөніндегі бастамасы аталып өтіп, қолдау тапты.

Министрлер экономикалық байланыстарды нығайту мәдени және адами алмасуды кеңейтуге мүмкіндік беретінімен келісті. Мәсе­лен, былтыр Оманға келген қазақ­стандық азаматтардың саны 37%-ға өсіп, 21 мың адамға дейін жетті.

Осыған байланысты қазақ тарапы Оман Үкіметінің Қазақстан азаматтары үшін визасыз ре­жім­ді 30 күнге дейін ұзарту тура­лы шешімін құптады. Бұл туристік ағынның ұлғаюына және өзара сапарлардың жеңілдетуіне ықпал етіп, түрлі салалардағы өзара іс-қимыл үшін қосымша перспективалар ашады.

Сондай-ақ сұхбаттастар өңірлік және жаһандық күн тәрті­бін талқылап, өзара тиімді байланыс­ты одан әрі тереңдетудің перспек­тивалары туралы пікір алма­сып, екі елдің сыртқы саяси ведомство­лары арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ықпалдастықтың одан әрі перспективалық бағыттарын айқындайтын Қазақстан мен Оман сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастығының жол картасына қол қойылды.