Алматы облысында болған авиациялық оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жеңіл ұшақ бұталардың арасына қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады. Мәліметке сәйкес, кадрлар Алматы облысындағы Талдыбұлақ – Қаракемер аумағында түсірілген. Сондай-ақ оқиға болған маңда ешқандай әуежай орналаспағаны айтылды.
Қазақстанның Көлік министрлігі аталған жағдайға байланысты тексеру басталғанын мәлімдеді.
«Ан-2 әуе кемесімен (тіркеу нөмірі UP-A0091) болған жағдай адам шығыны жоқ авиациялық оқиға ретінде тіркелді. Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті барлық мән-жайды анықтайды», деп хабарлады ведомство.
Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы маман жіберілген.
Еске салайық, Әзербайжан мен Ресей 2024 жылғы желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апаты бойынша келісімге келді.
АҚШ-тың Айдахо штатында өткен әуе шоуы кезінде екі жойғыш ұшақ соқтығысты.