• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Айбын 27 Ақпан, 2025

Колледждер сержанттарды даярлауды жалғастырады

62 рет
көрсетілді

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 3 әскери колледж жұмыс істейді. Нақты атағанда, Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж (Щучинск, 9-сыныптан кейін қабылдайды), Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж (Шымкент, 9-сыныптан кейін қабылдаса), Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж (Астана, 11-сынып негізінде қабылдайды, оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай).

«Техникалық және кәсіптік білім беруді Щучинск, Шымкент, Астана қалаларындағы 3 әскери колледж ұсынады. Колледждерде мотоатқыштар, танк, артиллерия және инженерлік бөлімшелер, байланыс әскерлері, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу бөлімшелері үшін кәсіби сержанттар оқытылады», деді Мұрат Қуатбекұлы.

Спикердің айтуынша аталған оқу орындары жастарға сапалы білім алуға және әскер қатарында кепілдендірілген жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.