• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2025

Тамырлар тартуы

170 рет
көрсетілді

Тараз қаласындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументі 2020 жылы ашылды. Биіктігі 30 метрді құрайтын нысан алыстан менмұндалайды.

Қаланың көрнекті жерінде орналасқан монументтің құрылысын «Темір-Байлық» ЖШС жүргізген. Нысанның құрылыс жұмысына 158 млн теңге шамасында қаражат жұмсалған. Ал монументтің архитектуралық шешімін сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тікелей өзі қадағалаған.

Тұғырлы ескерткіш «Арбат-1» аллеясымен қатар ашылды. Көне шаһардың жаңа келбетін көруге келген туристер де «Көне Тараз» тарихи этномәдени кешені бойымен жүріп, «Арбат-1» аллеясына барып аяқ суытады.

5 жыл бұрын бой көтерген нысан маңында адам қарасы үзілмейді. Түрлі іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Сондай-ақ 1 наурыз Алғыс айту күнінде қазақ халқына шынайы ризашылығын білдіргісі келген 90-ға жуық этнос өкілдері осында арнайы келіп, гүл шоқтарын қойып, тағзым етіп жатады. Олардың жүзінен, қиын-қыстау кезеңде тамырластығын байы­тып, бауырына басқан жергілікті халыққа деген риясыз алғысты аңғарғандай боламыз.