Аталған лауазымды қызметке Әсет Шопанов тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастап, 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2018-2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарған. 2020-2022 жылдары аталған облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды, 2022-2024 жылдары сол басқарманың басшысы болған.