• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2025

Наурыз мерекелерінде қазақстандықтар қанша күн демалады

124 рет
көрсетілді

2025 жылдың наурыз айында  мереке және демалыс күндерін қосқанда, ел азаматтарына 14 күн демалыс беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

Биыл 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі күнтізбеде сенбіге тұс келіп тұр. 

Осыған орай мерекелік демалыс дүйсенбіге, яғни 10 наурызға ауыстырылады. Демек, Қазақстан халқы 8,9,10 наурыз қатарынан үш күн демалады. 

Ал әз-Наурыз демалысы 21 наурыз, жұма күнінен басталып, 25 наурызды қамтиды. Мерекеден кейінгі жұмыс аптасы 26 наурыздан басталады.