• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2025

КСРО төлқұжатымен әлі қоштаспаған...

51 рет
көрсетілді

Былтыр жергілікті полицейлер 80-нен аса құжатсыз адамды анықтаса, олардың жартысы жарамдылығы әлдеқашан өтіп кеткен 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжатын иемденіп келген.

Павлодарда КСРО төл­құжа­тымен жүргендер әлі де баршылық. Өңірлік полиция департаменті көші-қон қызметінің басқар­масы азаматтық және имми­гра­ция­лық тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инс­пекторы, полиция майоры Альмира Хайрулинаның айтуын­ша, әлгіндей азамат­тардың көбі облыс орта­лы­ғын­да тұ­рады.

– Құжаты жоқ немесе жарам­дылық мерзімі өтіп кеткен тұлғалардың көбі бұл – 1974 жылғы КСРО төл­құжа­тымен жүргендер немесе кезінде құжатын жоғал­тып алып, қалпына келтір­мегендер. Заңдық тұрғыдан алғанда олар Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алуы керек, болмаған жағдайда азаматтығы жоқ тұлға деп есептеледі. Адамдар көп жағдайда шалғай ауылдарда тұрып, құжатын жаңартуға мән бермейді. Енді бірі түзеу меке­мелерінде жазасын ұзақ жылдар өтеп шыққан соң ескі құжатын ауыстырмай жүре береді. Негізгі себеп – азаматтардың құжат мәселесіне салақ қарап, уақы­тында ресімдеуге ниет танытпауы, – деп түсіндірді бұл жағдайдың себебін Альмира Әбдікәрімқызы.

Көші-қон қызметінің мамандары құжатсыз жүр­ген­дерді анықтауға бағыт­тал­ған іс-шараларды тұрақты жүргізіп келеді. Өткен жылы атқарылған жүйелі жұмыс 80-нен аса адам жеке бас куәлігінсіз жүргенін анықтап берді. Олардың 41-і осыдан жарты ғасыр бұрын алған КСРО төлқұжатымен өмір сүріп келген. Нәтижесінде, 74 адам Қазақстан азаматы деп танылып, тиісті құжат­пен қамтамасыз етілген. Тағы 7 адамның азаматтығы дә­лел­ден­бегені себепті оларға ­аза­мат­тығы жоқ тұлға куә­лігі берілген.

– «Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жө­нін­дегі Қазақстан халық­аралық бюросы» мен өзге де үкіметтік емес ұйымдармен бұл бағытта тұрақты байланыстамыз. Жыл басынан бері тағы 6 азамат анықталып, казіргі таңда құжаттар ті­зілімі жинақталып жатыр. Тексеріс материалдары то­лыққанды болғаннан кейін заңнамаға сәйкес шешім қабылданып, құжаттану мә­се­лесі шешіледі. Қалада әлеу­мет­тендіру орта­лық­та­ры шоғыр­лан­ған­дықтан, мұндай азаматтар Павлодар қаласында көп кездеседі, – жейді А.Хайрулина.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар